Ауғанстанда қалың қар мен қатты аяздан 9 адам көз жұмды

0
640

Сондай-ақ тағы екі тұрғын жарақат алды.


Ауғанстанда қалың қар мен қатты аяздан 9 адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Ауғанстанда соңғы 48 сағатта жауған қалың қар мен аяз салдарынан тоғыз адам қаза тауып, тағы екі адам жарақат алды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы бейсенбі күні Ауғанстанның табиғи апаттармен күрес жөніндегі ұлттық басқармасының ресми өкілі Молла Жанан Саик мәлімдеді.

«Соңғы екі күнде нөсер соңы қарлы боранға ұласты. Аязды ауа райы Ауғанстанның жеті провинциясын шарпыды. Кейбір аймақтарда көп мал қырылып қалды», - делінген хабарламада.

Солтүстік Фарьяб провинциясында күн суытып, қар жауып, мыңға жуық мал қырылған.