Байкал жағалауында мұздан алып кітап жасалды

0
1 027

Әрбір парағының ұзындығы 50 метрге дейін жетеді.


Байкал жағалауында мұздан алып кітап жасалды

ERNUR.KZ. Байкал жағалауындағы Листвянка елді мекенінде ерекше нысан бой көтерді, деп жазады 24.kz.

Мұздан жасалған алып кітап мұндағы бірнеше гектар аумақты алып жатыр. Әрбір парағының ұзындығы 50 метрге дейін жетеді. Мұз кітаптың парағына әр елден келген туристердің арман-тілегі қашалады.

Жоба авторларының пікірінше, мұз кітап еріген кезде, қызыл су көлге құйылады. Сол кезде Байкал көлі адамдардың арман-тілегін орындауға себепші болады. Өнер туындысының жанында мұздан жасалған тағы бір нысан - концерт залы салынып жатыр.