Бакуде қонақүйде жарылыс болды

0
525

Жарылысқа газдың таралуы себеп болған.


Бакуде қонақүйде жарылыс болды

ERNUR.KZ. Әзербайжан астанасы Бакуде орналасқан Flame Towers қонақ үйінде болған жарылыстан екі адам зардап шекті, деп жазады 24.kz.

«Flame Towers қонақ үйінің маңында жарылыс болып, салдарынан екі адам жарақат алды. Оған газдың таралуы себеп», – делінген мәліметте.

Жарылыстан бірнеше көлікке зақым келген. Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен құқық қорғау органдарының өкілдері жұмыс істеп жатыр.