Бали аралына кіру үшін туристер ақы төлейтін болды

0
1 303

Оның бағасы 9 еуро.


Бали аралына кіру үшін туристер ақы төлейтін болды

Индонезияның Бали аралына кіру үшін шетелдік саяхатшылар енді туристік алым төлеуі тиіс, деп жазады 24.kz.

Оның бағасы 9 еуро. Түскен ақша қоршаған ортаны қорғау, мәдениет пен инфрақұрылымды дамытуға жұмсалады.

Алымның бір бөлігі аралдағы туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталады.

Танымал туристік қалалар үшін мұндай тәжірибе таңсық емес. Мәселен, Барселонада ол бұрыннан бар. Ал Венецияда көктемнен бастап енгізіледі.