Бельгия Ресей азаматтарына туристік виза беруін тоқтатады

0
545

Шектеу 1 шілдеден бастап күшіне енеді.


Бельгия Ресей азаматтарына туристік виза беруін тоқтатады

ERNUR.KZ. Бельгия Ресей азаматтарына туристік виза беруін тоқтатады. РФ азаматтары 1 шілдеден бастап бұл елге туристік және басқа да қысқа мерзімді визаларды алу мүмкіндігінен айырылады, деп жазады inbusiness.kz.

Елдің визалық орталығы Ресей Федерациясының азаматтарының өтініштерін кей жағдайларда ғана қабылдайды. Мысалы, ресейліктер жұмыс және студенттік визаларын ала алады, сондай-ақ оларға отбасы мүшелерімен көрісу үшін үшін Бельгияға баруға рұқсат беріледі.

Бельгия елшілігі туристік визаларды беруді тоқтата тұруға не себеп болғанын жариялаған жоқ. Ресейліктердің қашан турист ретінде елге бара алатыны да белгісіз. Ереже 1 шілдеден бастап күшіне еніп, белгісіз мерзімге созылады.