Бес метрлік шырша кішкентай баланың үстіне құлап кетті (видео)

0
1 161

Жантүршігерлік оқиғаға куә болған тұрғындар балаға көмектесуге жүгіріп барған


Бес метрлік шырша кішкентай баланың үстіне құлап кетті (видео)

ERNUR.KZ. Өзбекстанда бес метрлік жаңа жылдық шырша кішкентай баланы басып қалды. Желіде кез келген адамды селк еткізетін видео жарияланды. Ағаш жолдың ортасында баланың үстіне құлап түсті, деп жазады sputniknews.

Видеода жаңа жылдық шыршаның жанында бірнеше бала жүгіріп ойнап жүргені көрінеді.

Бір кезде балалардың бірі шыршаның әшекейін алмақшы болады. Гирлянданы тартып қалғанда, алып шырша оның үстіне құлап кетеді.

Жаңа жылдық шырша баланы толығымен жауып қалды. Жантүршігерлік оқиғаға куә болған Өзбекстан тұрғындары дереу балаға жүгіріп барып, оны шығарып алған. Абырой болғанда бала ауыр жарақат алмаған.