Бетпердесіз әйелді кондуктор автобустан теуіп-теуіп шығарып жіберді (видео)

0
2 457

Қазір кондуктор жұмыстан шеттетілген, полиция мән-жайды тексеріп жатыр.


Бетпердесіз әйелді кондуктор автобустан теуіп-теуіп шығарып жіберді (видео)

ERNUR.KZ. Ресейде жолаушылар автобусында болған жағымсыз оқиғаның видеосы желіде тарады, деп жазады zakon.kz.

LIFE SHOT Телеграмм-арнасының хабарлауынша, оқыс оқиға Красноярскіде болған.

Видеода кондуктор бетперде тақпаған әйелді автобустан теуіп-теуіп шығарып жібереді. Қалалық көлік басқармасындағылар соққыға жығылған әйелдің алдымен бетперде тағудан бас тартқанын, одан соң өзі кондуктордың қытығына тиетін сөздер айтқанын айтады.

Қазір кондуктор жұмыстан шеттетілген, полиция мән-жайды тексеріп жатыр.