Бір тәулікте 14 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды

0
482

Бүгінге дейін COVID-19 жұқтырғандардың саны - 167 511.


Бір тәулікте 14 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды

ERNUR.KZ. Соңғы 24 сағатта коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандардың саны 14 мыңға артып, 862 адам қайтыс болды, деп жазады Тengrinews.kz.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, бір тәулікте вирусты жұқтырған 13 903 адам анықталған. Оның 29-ы ғана Қытай аймағынан. Жалпы бүгінге дейін COVID-19 жұқтырғандардың саны - 167 511.

Қытайдан тыс жерде 848 адам қайтыс болған. Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болғандардың саны әлем бойынша - 6606 болса, оның 3388-і Қытайдан тыс мемлекет адамдары. Вирус 151 елге тарап үлгерген.

Ал Қазақстанда коронавирус жұқтырғандарды саны 10-ға жетті. Оның жетеуі Алматыдағы жұқпалы аурулар стационарында, екеуі - Нұр-Сұлтанда, тағы бір қазақстандық Германияда.