"Шетелден ұшып келген": Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 10-ға жетті

0
779

Коронавирусты 1986 жылғы қыз жұқтырған.


ERNUR.KZ. Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 10-ға жетті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

Вирусты 15 наурызда Ыстамбұл-Алматы рейсімен ұшып келген 1986 жылғы қыз жұқтырған.

Бұған дейін коронавирус жұқтырған 9 адамның алтауы Алматыдағы жұқпалы аурулар стационарында, екеуі - Нұр-Сұлтанда, тағы бір қазақстандық Германияда екені хабарланған.

1641 адам карантинге, ал 981 адам үй карантиніне жатқызылған.