Бішкекте 20-дан астам адам шаурмадан уланып қалды

0
600

Республикалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына 15 адам жатқызылды. Оның ішінде 2 бала бар.


Бішкекте 20-дан астам адам шаурмадан уланып қалды

ERNUR.KZ. Бішкекте Шу даңғылы мен Сүйінбаев көшесінің қиылысында орналасқан «Беш лаваш» және «Мидос» фастфуд пункттерінде шаурмадан улану оқиғасы тіркелді, деп жазады ҚазАқпарат.

Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаппай улану салдарынан 21 адам зардап шеккен. Республикалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына 15 адам жатқызылды. Оның ішінде 2 бала бар. Қалған 6 адам амбулаторлық ем қабылдап жатыр.

«Тергеу кезінде санитарлық және микробиологиялық зерттеулер үшін дайын шаурма үлгілері, ингредиенттер мен жағындылар алынды», - делінген хабарламада.

Анықталған заңбұзушылық бойынша фастфуд сататын орындарға 72 мың сом айыппұл салынып, заңбұзушылық жойылғанға дейін жабылды.