Бішкекте жер сілкінісі сезілді

0
379

Эпицентрдегі күш 12 балдық MSK-64 шкаласы бойынша 6 балл шамасында болды.


Бішкекте жер сілкінісі сезілді

ERNUR.KZ. Қырғызстан астанасында жергілікті уақыт бойынша сағат 12:22-де тұрғындар жер сілкінісін сезінді, деп жазады inform.kz.

ҚР Ұлттық ғылым академиясы Сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Шолпан-Ата қаласынан солтүстік-батысқа қарай 35 шақырым, Алматыдан оңтүстікке қарай 40 шақырым, Бішкектен солтүстікке қарай 190 шақырым жерде орналасқан.

Эпицентрдегі күш 12 балдық MSK-64 шкаласы бойынша 6 балл шамасында болды, магнитудасы (Mpv=5,3) (энергиялық класс K=).

Қырғыз Республикасының елді мекендерінде жер сілкінісінің қарқындылығы: Шолпан-Атада – 4 балл, Бішкек, Құмтөр кеніші, Қаракөлде 3,5 балл болды.

Жер сілкінісінен бірнеше секунд бұрын Android қолданушылары магнитудасы 5,4 балл болатын алдағы жер сілкінісі туралы хабарлама алды.

Еске сала кетсек, бүгін Алматыда жер сілкінісі болды. Жедел ақпаратқа сәйкес, Алматы облысында жер сілкінісінің күші 5 балды, Жетісу облысында (Талдықорған) 2 балды құрады.