Боливияда табиғи апаттан 62 мыңнан астам отбасы зардап шекті

0
912

Табиғи апаттан мемлекет астанасы да зардап шегіп жатыр.


Боливияда табиғи апаттан 62 мыңнан астам отбасы зардап шекті

ERNUR.KZ. Боливияның оңтүстік-батысында бірнеше күн толассыз құйған нөсер соңы тасқын мен лай көшкініне ұласты, деп жазады 24kz.

Табиғи апаттан мемлекет астанасы да зардап шегіп жатыр. Ла-Паста құйылған лайдың күшіне шыдамай, бірнеше үй опырылды. Мамандар құлаудың аз-ақ алдында тұрған бірқатар ғимаратты алдын ала қолдан құлатты. 62 мыңнан астам отбасы тұрғылықты жерін тастап, қауіпсіз жаққа көшуге мәжбүр болған. Соңғы жағдайлар бойынша құрбан болғандар туралы ақпарат түскен жоқ. Билік бірнеше аймақта метеорологиялық қауіп-қатердің «қызғылт-сары» деңгейін жариялады.

«Соңғы 2 күн бойы жаңбыр тоқтаусыз құйды. Су тасқыны көшелерден өзен сияқты ақты. 2 түн бойы мүлде көз ілмей шықтық. Қатты қорқып жүрміз», - дейді жергілікті тұрғын Хуана Хуанка.