Бразилияда футбол жанкүйерлері төбелесіп, 1 адам көз жұмды

0
632

Бразилия – Хорватия матчы аяқталғаннан кейін сауда орталығында жанжал туындап, жаппай төбелеске ұласқан.


Бразилияда футбол жанкүйерлері төбелесіп, 1 адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Футболдан әлем чемпионатында Бразилия жеңіліп қалғаннан кейін жаппай төбелесте 17 жасар қыз көз жұмып, үш адам зардап шекті, деп жазады ҚазАқпарат.

ТАСС хабарлауынша, оқиға Бразилияның Сан-Паулу штатындағы Барретуш қаласында болды.

Бразилия – Хорватия матчы аяқталғаннан кейін сауда орталығында жанжал туындап, жаппай төбелеске ұласқан. Жанжалдасқандар сауда орталығы сыртында атысқа дейін барған. Соның салдарынан 17 жасар қыз оқ жарақатынан қаза тапты. Ал оның құрбысы өкпесінен жарақат алған.

Полиция мәліметіне қарағанда, оқ атқан төртеу автокөлікпен оқиға орнынан бой тасалаған. Жанжалдың себебі нақтыланбаған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бразилияның бас бапкері орнын босатқанын жазған болатынбыз.