​Бірнеше әйелмен көңіл жарастырған алаяқ еркек ұсталды

0
1 252

Ресейдің Петербург қаласында полиция қызметкерлері әйелдерді азғырып уысына түсірумен айналысқан алаяқ альфонсты қамауға алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Бірнеше әйелмен көңіл жарастырған алаяқ еркек ұсталды

фото: valleywag.gawker.com

Ресейдің Петербург қаласында полиция қызметкерлері әйелдерді азғырып уысына түсірумен айналысқан алаяқ альфонсты қамауға алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ lenta.ru-ға сілтеме жасап.

36 жастағы ер-азамат уақытша тергеу абақтысына қамалды. Құқыр қорғау органдарына оның әзірге бес әйелді алдап соққаны белгілі, алданғандар саны одан да көп болуы мүмкін.

Альфонс түрлі қалаларда құрбандарымен өзін құқық қорғау қызметкері, банкир, заңгер, тіпті, парашютпен секіруді үйрететін инструктор деп те танысқан. Сонымен қатар, тегі мен есімін де өзгертіп отырған.

Жәбірленушілердің бірінің айтуынша, алаяқ еркек балалы әйелдерді қақпанына түсіріп, өзіне көңілін аударған соң олардын түрлі желеумен ақша алып отырған көрінеді. Көбіне қарызға ақша алуды әдет еткен.