COVID-19: РФ Денсаулық министрлігі мұрынға себетін алғашқы вакцинаны тіркеді

0
1 585

Бұл препаратты 18 жастан асқан адамдар қабылдай алады.


COVID-19: РФ Денсаулық министрлігі мұрынға себетін алғашқы вакцинаны тіркеді

ERNUR.KZ. Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігі әлемдегі алғашқы мұрынға себетін коронавирусқа қарсы вакцинаны тіркеді, деп жазады Zakon.kz.

ТАСС хабарлағандай, мұрынға себетін коронавирусқа қарсы вакцина екі дозадан тұрады және үш апта аралықтан соң адам ағзасына енгізіледі.

Бұл препаратты 18 жастан асқан адамдар қабылдай алады.

Алдында Гамалеи атындағы орталық директоры Александр Гинцбург эксперименттік тәжірибелер кезінде мұрынға арналған коронавирусқа қарсы вакцина омикрон штаммына сынауда тиімді нәтиже көрсеткенін айтқан болатын.