Дауыл салдарынан 17 адам қаза тапты

0
1 174

​Мадагаскар шығысындағы дүлей дауылдан кемінде 17 адам қаза тапты,-деп хабарлайды 24.KZ.


Дауыл салдарынан 17 адам қаза тапты

фото: 24.KZ.

Мадагаскар шығысындағы дүлей дауылдан кемінде 17 адам қаза тапты,-деп хабарлайды 24.KZ.

Апатқа байланысты 6 мыңға жуық жергілікті тұрғын үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары жариялады. Жойқын жел ел астанасынан 635 шақырым жерде орналасқан Мананара ауданында жексенбі күні ойран салған. Оның жылдамдығы сағатына 85 шақырымға, ал екпіні сағатына 120 шақырымға дейін жеткен. Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айында ел аумағында Ава атты дауыл соғып, салдарынан 51 адам ажал құшқан еді.