ДДСҰ: Африка эбола індетін еңсерді

0
601

Африкада осыдан екі жыл бұрын эбола безгегі өршіген еді.


ДДСҰ: Африка эбола індетін еңсерді

ERNUR.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері Конго Демократиялық Республикасының солтүстік-шығыс өңірінде эбола індеті аяқталғанын жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Адамзат тарихындағы ең қауіпті аурудың бірі саналатын эбола безгегі осыдан екі жыл бұрын Африкада өршіген еді. Осы мезгілде оны 3470 адам жұқтырып, 2287-сі қайтыс болды.


– Бұл оңай болған жоқ. Тіпті кейде мүмкін емес деген ой келетін. Эбола безгегін жеңу аймақ пен бүкіл әлемге үміт берген белгі болды. Ғылымның көмегімен, жауапкершілік пен ерлік таныта, жұмыла еңбек етсек, ең ауыр індетті еңсере алатынымызды көрсетті. Бұл COVID-19-бен күресте де көмегін береді, - дейді ДДСҰ Африкадағы аймақтық директоры Матшидизо Моети.