Дональд Трампқа тиесілі 39 қабатты казино мен қонақ үй жермен жексен болды (видео)

0
2 626

Ғимарат 1984 жылы мамыр айында ашылған.


Дональд Трампқа тиесілі 39 қабатты казино мен қонақ үй жермен жексен болды (видео)

ERNUR.KZ. АҚШ-та бұрынғы президент Дональд Трампқа тиесілі болған 39 қабатты казино мен қонақ үй сүрілді деп жазады nur.kz.

Нью-Джерси штатындағы Атлантик-Сити қаласында 39 қабатты Trump Plaza қонақ үйі мен казино толығымен жойылды.

Бұған дейін ғимарат бұрынғы президент Дональд Трампқа тиесілі болған. Ғимараттың жермен жексен болу сәтінен видео жергілікті порталдардың бірінің Youtube арнасында жарияланған.

Танымал ғимараттың сүрілгенін көруге көптеген қала тұрғыны келген.

Басылымның жазуынша, ғимарат 1984 жылы мамыр айында ашылып, қала бойынша оныншы казино болған. Алайда ол 2014 жылы жабылып, мыңдаған адам жұмыссыз қалған.

Казино жұмысы тоқтағаннан кейін 2016 жылы меншік құқығы Trump Entertainment Resorts-тан Icahn Enterprises-ке берілген.

Сонымен бірге басылым Атлантик-Ситидің мэрі Марти Смолл 2020 жылы қирай бастаған ғимаратты сүріп тастау туралы шешім шығарғанын хабарлады.