Енді адамдарға уағызды робот айтады (видео)

0
1 254

Басы силиконмен қапталған робот жастарға жанашырлықтың мәні мен маңызы туралы дәріс оқиды.


Енді адамдарға уағызды робот айтады (видео)

ERNUR.KZ. Күншығыс елінің Киото қаласындағы 1619 жылы есігін жамағатқа айқара ашқан ежелгі ғибадатханада уағызды бұдан былай робот айтады. Ол Будда ілімін таратады, деп жазады qamshy.kz.

Биіктігі 195 сантиметрге жететін, салмағы 60 келі тартатын, бағасы 100 млн иен тұратын, алюминиден жасалған, қолы мен иығы және басы силиконмен қапталған робот жастарға жанашырлықтың мәні мен маңызы туралы дәріс оқиды. Жапон тілінде.

Ал туристер үшін уағыздың субтитрі арнайы экраннан ағылшын және жапон тілдерінде беріледі.