Енесі келіні мен немересін өлтірді деген күдікке ілінді

0
1 169

Тергеу кезінде күдікті жасаған қылмысын мойындаған.


Енесі келіні мен немересін өлтірді деген күдікке ілінді

ERNUR.KZ. Өзбекстанның Қашқадария облысы Гузар ауданының 50 жастағы тұрғыны 26 жастағы келіні мен екі жасар немересін өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ktk.kz.

Пышақ іздері бар олардың денесі 28 тамызда табылған. Күдікті сол күні ұсталған. Екі дереккөздің хабарлауынша, "Янгикент" ауылының А.А. есімді 50 жастағы тұрғыны келіні мен немересінің денелерін орап, бөлмесіне қалдырған.

Құрбан болғандардың туыстары қанды оқиғаға келін мен ене арасындағы жанжал себеп болуы мүмкін екенін айтады. Себебі, екеуінің арасында жанжал жиі туындаған.

«Бұл отбасында бірнеше ұл болған. Марқұмның күйеуі Мәскеуге жұмыс істеуге кеткен. Енесі туған емес, күйеуінің екінші әйелі болған. Әйел келініне күн көрсетпеді. Тергеу болжамы бойынша, 28 тамызда енесі түнгі сағат 2-3 шамасында келінінің бөлмесіне кіріп, баласы екеуіне пышақ салған», - дейді сұқбат беруші.

Келесі күні енесі ауыл әкіміне барып, келіні мен немересін өлі күйінде таптым деп шағымданған. Сол күні оның үйіне милиция мен прокуратура өкілдері барған. Дереккөздің айтуынша, тергеу кезінде күдікті жасаған қылмысын мойындаған. Гузар аудандық прокуратура қызметкері қанды оқиғаның орын алғанын растады.