ЕО Украинаға жарты миллиард доллардың қауіпті қаруын жібереді

0
567

Шешім алдағы уақытта ресми түрде рәсімделіп, жарияланатыны белгілі болды.


ЕО Украинаға жарты миллиард доллардың қауіпті қаруын жібереді

ERNUR.KZ. Еуроодақ дипломатиясының басшысы Жозеп Боррель ЕО СІМ басшылары Украина әскеріне көмек жіберуге келіскенін мәлімдеді. ЕО СІМ басшылары 450 миллион еуроның (шамамен 502 миллион доллар) қару-жарағын қаржыландыруға келіскен, деп жазады Tengrinews.kz.

Боррельдің айтуынша, ЕО қорғаныс министрлері кездесіп, Украина әскеріне қаруды қалай жеткізу керек деген мәселені талқылайды. Украина үшін қару жинайтын хаб - Польша.

"450 миллион еуроның қауіпті қаруын, 50 миллион еуроның өлімге әкеп соқпайтын қаруын жеткізу мүмкіндігін қарастырамыз. Мұны бірінші рет жасап отырмыз", - деді Боррель.

Шешім алдағы уақытта ресми түрде рәсімделіп, жарияланатыны белгілі болды.