Ер адам 32 секунд ішінде 8 млн теңгенің картинасын ұрлап кеткен

0
824

Оның түрі ешбір камерада көрінбейді.


Ер адам 32 секунд ішінде 8 млн теңгенің картинасын ұрлап кеткен

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы Dennis Rae Fine Art галереясынан Сальвадор Далидің картинасы ұрланды. Бірде-бір бейнебақылау камерасында ер адамның түрі көрінбейді. Ол өзінің жоспарын небәрі 32 секунд ішінде жүзеге асырған, деп жазады sputniknews.kz.

Суретші туындысының құны шамамен 20 мың доллар, деп хабарлайды ABC7 News галерея директорына сілтеме жасап.


Ұрлық кезінде галереяда испан сюрреалистері туындыларының көрмесі өтіп жатқан. Дали өзінің картинасын 1966-1967 жылдары жазды. Оған Пабло Пикассоның шығармашылығы әсер еткен.