Ер адам мұрнынан ішкен суды көзінен шашыратып елді таңғалдырды (видео)

0
1 126

Бұл әдісті 10 жылдан астам уақыт үйренгенін айтады.


Ер адам мұрнынан ішкен суды көзінен шашыратып елді таңғалдырды (видео)

ERNUR.KZ. Қытайда кунг-фу шебері мұрны арқылы ішкен сұйықтықты көзінен шығару әдісін көрсетті, деп жазады stan.kz.

Чжан Илун Синьсяннан шыққан күрес өнерінің маманы. Мұны ежелгі қытай ілімі деп атайды. Бұл әдісті 10 жылдан астам уақыт үйренгенін айтады.

Илун бокалдағы су мен сүтті ішіп, оң жақ көзінен шығарды. Кунг-фу шебері осылайша көзінен су шашыратып, гүл суарды. Матаға сумен иероглифтер жазып көрді. Айтуы бойынша, 1,7 метрге дейін суды көзінен шашырата алады екен.

Илун бұл әдісті қайталамауға шақырады.

"Бұл өте қауіпті. Мен 10 жылдан астам уақыт дайындалдым. Менен көргенді қайталамаңыздар. Әсіресе ,балалар жасамасын", - дейді ол.