Еріндерін ботокспен үлкейткен түйелер сұлулық байқауынан шеттетілді

0
547

Фестивальдің сыйлық қоры 64 миллион доллар.


Еріндерін ботокспен үлкейткен түйелер сұлулық байқауынан шеттетілді

ERNUR.KZ. Сауд Арабиясында биыл осы ең сұлу түйе байқауынан 40 түйе қуылды, деп жазады 24.kz.

Себеп не дейсіз ғой? Өйткені иелері жануарлардың еріндерін ботокспен үлкейткен және бұлшық еттерін гормондармен өсірген екен. Осылайша табиғи қалпынан айрылған түйелер додаға қатыса алмады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша жануарларға түрлі препараттардың егілуі сайыс ережесін бұзып қана қоймай , олардың денсаулығына да нұқсан келтіреді.

Ал биылғы фестивальдің сыйлық қоры 64 миллион доллар.