Еурокомиссия Түркияның Еуропалық Одаққа кіру туралы өтінішін мақұлдаудан бас тартты

0
604

Түркия 25 жыл бойы ЕО-ға кіру шешімін күтті, бірақ мүшелікке үміткер ретінде қалды.


 Еурокомиссия Түркияның Еуропалық Одаққа кіру туралы өтінішін мақұлдаудан бас тартты

ERNUR.KZ. Түркия келесі жылы ЕО-ға мүше бола алмайды, деп жазады zakon.kz.

Бұл туралы "Известия" басылымына Еуроодақ сыртқы саясат қызметінің ресми өкілі Питер Стано айтты.

"Визалық режимді ырықтандыру туралы шешімді ел адам құқықтары мен саяси бостандықтарды қамтитын барлық қажетті өлшемдерге сай болғаннан кейін мүше мемлекеттер қабылдайды", - деді Стано сұхбатында.

Түркия 25 жыл бойы ЕО-ға кіру шешімін күтті, бірақ мүшелікке үміткер ретінде қалды. Кейбір сарапшылар Анкараның қосылуға шын мән бермей, тек Брюссельден Кедендік одақтың жаңаруына қатысты жеңілдіктер күтетін "үміт" имиджін сақтап отырғанына сенімді.

10 шілдеде НАТО саммиті өткен Вильнюске ұшар алдында Түркия президенті Ердоған Швеция НАТО-ға кірмес бұрын Түркияны Еуропалық Одаққа қабылдау керектігін айтты. Кейін НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның Швецияның НАТО-ға кіруі туралы хаттаманы парламенттің ратификациясына ұсынуға келіскенін айтты.