Филиппинге сұрапыл тайфун жақындап қалды

0
837

Қазірдің өзінде желдің жылдамдығы секундына 25 метрге жетеді әрі біртіндеп артуы мүмкін.


Филиппинге сұрапыл тайфун жақындап қалды

ERNUR.KZ. Тынық мұхитының Мариан аралдары аймағында осы айдағы алтыншы тайфун пайда болып, сағатына 35 км жылдамдықпен Филиппинге жақындап келеді, деп хабарлайды ktk.kz.

Ведомство кеме иелері мен капитандарын осы аймақтағы барынша қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырып жатыр. Синоптиктердің айтуынша, қазірдің өзінде желдің жылдамдығы секундына 25 метрге жетеді әрі біртіндеп артуы мүмкін. Тайфун биыл Тынық мұхитта пайда болған 28-ші сұрапыл дауыл. Бұған дейін қараша айында алты мәрте тайфун болғаны бұрын-соңды тіркелген емес. Метеорологтардың сөзіне қарағанде, әдетте Тынық мұхиттағы тайфундар жазда және күздің басында болады.

Қарашадағы тайфундар өңірге зор шығын әкелген жоқ. Бірақ қыркүйек-қазан айларында болған дауылдардан көптеген адам қаза тапқан. Жапонияның өзінде «Факсай» және «Хагибис» тайфундарынан 90-нан астам адам опат болған. Ауыл шаруашылығы мен балық аулау өнеркәсібіне келген залалдың көлемі 218 млрд иеннен ($1,9 млрд) асып түскен.