Франция құрамасының жеңілісінен кейін жанкүйерлер Парижді астан-кестең етті

0
556

Ұлттық құраманың жеңілісіне күйзелген жанкүйерлер көшеге шығып, айналадағының бәрін қирата бастаған.


Франция құрамасының жеңілісінен кейін жанкүйерлер Парижді астан-кестең етті

ERNUR.KZ. 2022 жылғы әлем чемпионатының финалы аяқталғаннан кейін Париж көшелерінде жаппай тәртіпсіздіктер басталды, деп жазады ulysmedia.kz.

Ұлттық құраманың жеңілісіне күйзелген жанкүйерлер көшеге шығып, айналадағының бәрін қирата бастаған. Елисей алаңдарында петарда мен отшашулар шашқан. Тәртіп сақшылары оларды тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданған.

Жергілікті полицияның хабарлауынша, тәртіп сақшыларының ескертуіне көнбеген жанкүйерлер ұсталды.

Еске салсақ, 2022 жылғы Қатарда өткен әлем чемпионатында Аргентина құрамасы Францияны жеңді.