Францияда бетперде киген белгісіз біреулер көшеде бірнеше адамды атып кетті

0
716

Зардап шеккендердің біреуі ауыр жағдайда.


Францияда бетперде киген белгісіз біреулер көшеде бірнеше адамды атып кетті

ERNUR.KZ. Франциядағы Безансон қаласында бетперде киген белгісіз біреулер көшеде оқ жаудырып, үш адам жараланды, деп жазады ҚазАқпарат.

Қолда бар дерекке қарағанда, бетперде киген үш не төрт адам көшеде оқ жаудырып, артынша іздерін суытқан. Полицейлер оқиға орнынан 15 гильза мен граната тапты.

Атыс жергілікті уақыт бойынша 19: 15-те болған. Зардап шеккендердің біреуі ауыр жағдайда. Бірнеше оқ оның кеудесіне тиген. Ал екінші адам жамбасынан жараланған, үшіншісін оқ іліп кеткен.

Безансон прокуратурасы тергеу жұмыстарын бастады.