Франциядағы Гран-при кезеңіндегілер Денис Тенді еске алды

0
1 022

Францияда мәнерлеп сырғанаудан өткен жарысты тамашалауға барған көрермендер Денис Тенге құрмет көрсетіп, бір минут қол соқты.


Франциядағы Гран-при кезеңіндегілер Денис Тенді еске алды

ERNUR.KZ. Францияда мәнерлеп сырғанаудан өткен Гран-при кезеңінің қорытындысы бойынша жарысты тамашалауға барған көрермендер Олимпиада ойындары-2014 қола жүлдегері Денис Тенге құрмет көрсетіп, бір минут қол соқты, деп жазады Tengrinews.kz.

Шара басында Францияның мұз үстіндегі спорт түрлері федерациясының президенті Дидье Гайаге бір минут үнсіздік жариялады, осыдан кейін көрермендер бір минут бойы қол соғып, Тенге құрмет көрсетті.

Internationaux de France сериясының қорытынды кезеңі Гренобльде 1 желтоқсанда аяқталады.

Денис Тен 19 шілдеде Алматыда қайтыс болды. Полицияның мәліметінше, ол екі адаммен жанжал кезінде жарақат алған, олар автокөліктің айнасын ұрлап жатқан жерінде ұсталып қалып, спортшыны пышақпен жарақаттаған. Бірнеше сағаттан кейін 25 жастағы мәнерлеп сырғанаушы ауруханада көз жұмды.