Газа секторында қаза тапқандар саны 11 мыңнан асты

0
721

Осы күнге дейін Израильде 1400-ден астам адам қайтыс болды.


Газа секторында қаза тапқандар саны 11 мыңнан асты

ERNUR.KZ. 10 қарашадағы жағдай бойынша, Газа секторында қаза тапқандар саны 11 025 адамды құрады. Оның 4506-ы балалар. Бұл туралы Палестина Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.

Анклав аумағында 3027 әйел, 678 қарт адам қаза болды. 27000-нан астам адам жарақат алды. Иордан өзенінің батыс жағалауында 183 адам ажал құшып, 2500-ге тарта адам зардап шекті.

Соңғы мәлімет бойынша, Израильде қаза тапқандар саны 1400-ден асты.