Германия мен Австрия украиналықтарға Польша арқылы тегін жүруге рұқсат берді

0
500

Германияның Deutsche Bahn мемлекеттік ұлттық теміржол компаниясы украиналық босқындарға арналған қосымша арнайы вагондар мен пойыздар үшін Польша теміржолдарымен ынтымақтастық орнататынын мәлімдеді.


Германия мен Австрия украиналықтарға Польша арқылы тегін жүруге рұқсат берді

ERNUR.KZ. Германия мен Австрия украиналық босқындарға сапарды жеңілдетуге шешім қабылдады, деп жазады Tengrinews.kz.

Германияның Deutsche Bahn мемлекеттік ұлттық теміржол компаниясы украиналық босқындарға арналған қосымша арнайы вагондар мен пойыздар үшін Польша теміржолдарымен ынтымақтастық орнататынын мәлімдеді.

"Қазір украиналық төлқұжаттары немесе жеке куәліктері бар босқындар Польшадан Германияға дейінгі барлық пойызды тегін пайдалана алады. Босқындар үшін шекарада және Германия ішінде әрі қарай да сапарды жеңілдеткіміз келеді", - деп түсіндірді Deutsche Bahn өкілі.

Компания федералды үкіметпен, федералды көлік, құрылыс және қала құрылысы министрлігімен, федералды және мемлекеттік органдармен, олардың теміржол серіктестерімен көршілес Польшада ғана емес, Чехия мен Австрияда да тығыз байланыста екенін айтты.

Өз кезегінде Германия үкіметі украиналықтарды қабылдауға және Украинамен шектесетін елдерге, соның ішінде Польшаға жаппай көмек көрсетуге дайын екенін айтты.

©REUTERS


Айта кетейік, Eurocity-дің Польшадан Германияға дейінгі 6 пойызы күн сайын жүреді. Барлығы Франкфурт - Одер шекара бекеті арқылы өтеді.

Австрияның көлік министрі Леонора Гевесслер өз кезегінде австриялық тарап OeBB public railway компаниясымен украиналықтар пойыздарда билетсіз жүре алуы үшін келісімге келгенін мәлімдеді.