Германияда 50 мың студенттің жасы – 50 жастан асқандар

0
871

Елде егде жастағылардың басым бөлігі жұмыс істейді.


Германияда 50 мың студенттің жасы – 50 жастан асқандар

Фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Германия тұрғындарының 17 милионнан астамы – зейнеткерлер, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соған қарамастан, егде жастағылардың басым бөлігі жұмыс істейді. Олар білім беру, денсаулық сақтау, сауда және өндіріс саласында қызмет етеді. Көптеген жылдар бойы еңбек етіп, зейнетке шықса да, неге қариялар қоғамда белсенді болып қалғысы келеді? Мамандардың айтуынша, ол түрлі себептерге байланысты. Мәселен, біреуіне зейнетақысы жетпейді, бірі саяхатқа қаражат жинайды. Ал кейбірі қалайда қоғамға пайдасын тигізуді ойлайды. Ал бос уақыттарында неміс зейнеткерлері спортпен айналысады. 75-80 жастағылар веложарыс пен түрлі марафондарға қатысады. Сондай-ақ түрлі оқу курстарына қатысады. БАҚ өкілдерінің ақпарынша, бүгінгі таңда 50 мың студенттің жасы 50 жастан асқандар. Олардың басымы – зейнеттегілер.

– Менің жасым 78-де. Оның 70 жылын велосипед айдаумен өткіздім. Түрлі жарыстарға да жиі қатысып тұрамын. Мен салауытты өмір салтын қолдаймын, - дейді Берлин қаласының тұрғыны Готхард.

– Мен төрт жылдан бері неміс тілінен сабақ беріп келемін. Белсенді зейнеткермін. Тіпті жаз айындағы демалыс кезінде босқындарға неміс тілін үйретемін. Оларды тілге үйретіп, өмірлерін қайта бастауға мүмкіндік беремін. Себебі қазіргі таңда тіл білу өте маңызды. Өзімнің ерекше үйрету тәсілім де бар, - деді зейнеттегі мұғалім Анне.