"Ғаламат ғасыр" телехикаясының жұлдызы 16 жылға бас бостандығынан айырылды

0
909

Актер бірнеше қылмыс бойынша кінәлі деп танылған.


ERNUR.KZ. Түріктің танымал актері Аднан Коч 16 жыл, 8 айға бас бостандығынан айырылды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ғаламат ғасыр" телехикаясының жұлдызы бірнеше қылмыс бойынша кінәлі деп танылған. Олардың ішінде полицияға қарсылық көрсету, кепілдікке адам алу, денсаулықа қасақана зиян келтіру және қаруды заңсыз сақтау сияқты қылмыстар бар.

Актер мен тағы бес күдікті 2018 жылдың наурызында есірткіге қарсы операция барысында қолға түскен. Олардың қарсылық көрсетіп, артынша полиция қызметкерлерін кепілге алғаны, сондай-ақ алты тәртіп сақшысын жаралағаны хабарланған.

Одан бөлек, Аднан Коч тыйым салынған заттарды қолданғанын дәлелдейтін айғақтардың көзін жоюға тырысқан.

Аднан Коч "Ғаламат ғасыр" телехикаясындағы Бехрам пашаның рөлімен асқан танымалдыққа ие болды. 38 жастағы әртіс "Шығыс-Батыс", "Тарих елі", "Сиджин 3", "Сиджин 4" және "Сиджин 6" сынды туындыларды ойнаған.

Еске сала кетсек, екі жыл бұрын Аднан Кочтың есірткімен ұсталған.