Ғалымдар әлемнің ең көп алкоголь тұтынатын елдерін анықтады

0
1 016

Ғалымдар әлемнің түрлі елдерінде тәулігіне бір адамның қанша алкоголь ішетінін айтып берді.


Ғалымдар әлемнің ең көп алкоголь тұтынатын елдерін анықтады

ERNUR.KZ. Ғалымдар әлемнің түрлі елдерінде тәулігіне бір адамның қанша алкоголь ішетінін айтып берді. Бұл деректер Lancet журналында жарияланды, деп жазады Tengrinews.kz.

Вашингтон университетінің мамандары мен Билл мен Мелисса Гейтс Қоры ішімдік қолдануға арналған 1228 зерттеуді талдаған. Әлемдегі орташа тәуліктік алкоголь тұтыну әйелдер үшін 0,73 "сусындар" және ерлер үшін 1,7 (бір "сусын" 100 миллилитр қызыл шарап немесе 280 миллилитр сыра немесе 30 миллилитр алкоголі жоғары спирттік сусынға тең).

Әлемдегі ең көп ішетін еркектер румындар болды, олар күніне орта есеппен 8,2 миллилитр алкоголь ішімдік пайдаланады. Содан кейін Португалия мен Люксембург тұрғындары (7,2), сондай-ақ Литва мен Украина (7).

Әйелдер арасында ең көп алкоголь тұтынылатын ел Украина (тәулігіне 4,2 сусын), содан кейін Андорра, Люксембург және Беларусь (3,4), артынша Швеция, Дания және Ирландия (3.1) болды.

Сондай-ақ, ғалымдар әлемдегі ішпейтін халықтарды атады. Осылайша, ерлер арасында ең төменгі көрсеткіш Пәкістанда (0.0007) және Ирандағы әйелдер арасында (0.0003) тіркелді.