Голливудта «Темір адамды» ұрлап кетті

0
1 788

ERNUR.KZ. Лос-Анжелестің полициялық департменті әйгілі «Темір адам» костюмінің ұрлануына байланысты істі терген жатыр.


Голливудта «Темір адамды» ұрлап кетті

фото: 1zoom.ru

ERNUR.KZ. Лос-Анжелестің полициялық департменті әйгілі «Темір адам» костюмінің ұрлануына байланысты істі терген жатыр, деп жазады life.ru.

«Темір адам» туралы фильм шыққаннан бастап әйгілі болған костюмнің бас киімі, кеуде, аяғы мен қолынан тұратын жиынтығы қоймадан бүтін күйінде жоғалған.

The Hollywood Reporter-дің хабарлауынша, «Темір адамның» жоғалуына байланысты хабар 8 мамыр күні кешкісін келіп түскен. Бұған дейін ақпан айында жасалған ревизия кезінде костюм қоймада болған. Мұны сол жердегі қызметкерлер нақтылаған.

«Темір адамның» құны шамамен 325 мың АҚШ доллары. Құқық қорғаушылар оның жоғалып кетуіне қатыстыларды іздестіріп жатыр. Бірақ әлі нәтиже жоқ.