Google белсенді емес аккаунттарды өшіре бастайды

0
460

Компания «құрылып, ешқашан пайдаланылмаған» аккаунттардан бастап кезең-кезеңімен өшіріп отыратынын атап өтті.


Google белсенді емес аккаунттарды өшіре бастайды

ERNUR.KZ. 2023 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Google екі жылдан астам пайдаланылмаған аккаунттарды өшіре бастайды, деп жазады inform.kz.

Google белсенді емес есептік жазбалар саясатына сәйкес, жұмадан бастап белсенді емес аккаунттарды жоя бастайды.

Компания «құрылып, ешқашан пайдаланылмаған» аккаунттардан бастап кезең-кезеңімен өшіріп отыратынын атап өтті.

Мамырда интернет алыбы ескі аккаунттарды бұзу жеңіл екенін, себебі олар ескі құпиясөзбен қорғалғанын және көбінде қос факторлы сәйкестендіру жоқ екенін мәлім етті.

Біреу үшін жұмысы немесе оқу орны ашқан есептік жазбаларға тиіспейді.

Есептік жазбаны өшірмес бұрын аккаунттың электронды поштасы мен қосымша мекенжайына ескерту жіберіледі.

Аккаунтты сақтап қалу үшін оған кіріп, Google сервистерінің кез келгенінде белсенді болу қажет. Мәселен, электронды хаттарды оқу немесе жіберуге, Google Drive, Google Play пайдаланып, YouTube-тағы видеоны көруге болады.

Есептік жазбаны тұрақты қолданып отырған аккаунттарға қауіп төнбейді.