Индонезияда лай көшкіні салдарынан 10 адам жоғалып кетті

0
530

400-ден астам тұрғын әкімдік пен мектепте тұрып жатыр.


Индонезияда лай көшкіні салдарынан 10 адам жоғалып кетті

ERNUR.KZ. Құтқарушылар Индонезияның Батыс Ява провинциясындағы лай көшкінінің салдарынан жоғалып кеткен 10 адамды іздеу жұмысын жалғастырып жатыр. Бұл туралы Батыс Бандунг табиғи апаттарды азайту агенттігі хабарлады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Синьхуа хабарлағандай, агенттіктің дүйсенбіде жарияланған есебінде табиғи апат салдарынан тоғыз ауыл тұрғыны жоғалып кеткен. Іздеу-құтқару операциясы жүргізілгендіктен, хабар-ошарсыз кеткендер саны онға дейін артқан.

Медиа агенттігінің басшысы бірлескен құтқару тобы жоғалған 10 жергілікті тұрғынды, оның ішінде төрт баланы табу үшін іздеу жұмысын кеңейткенін мәлімдеді.

Ол сондай-ақ 400-ден астам ауыл тұрғыны ауыл әкімшілігі ғимаратында және мектептерде уақытша орналастырылғанын айтты.