Индонезияда жанартау атқылап, 11 адам қаза тапты

0
611

Тағы 12 адам із-түзсіз жоғалғандар тізіміне енгізілді.


Индонезияда жанартау атқылап, 11 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Индонезияның Суматра аралында жанартау атқылап, 11 адам мерт болды, деп жазады inbusiness.kz.

Агенттіктің мәліметтері бойынша, үш адам аман-сау табылып, тағы 12 тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті.

Айта кетейік, Суматрада 3 желтоқсан күні Марапи жанартауы атқылады. Алдын ала деректерге сәйкес, жанартау шоғы 15 мың метрден астам биікке дейін шашыраған.