Instagram-да жаңа функциялар пайда болды

0
1 004

Instagram-дағы жаңа қызметті жақын арада тексеру жоспарланып отыр.


Instagram-да жаңа функциялар пайда болды

ERNUR.KZ. Instagram басшысы Адам Моссери жаңа функциялар туралы айтып берді, - деп жазады Tengrinews.kz.

Restrict функциясы басқа пайдаланушыларға шектеу қоя алады. Instagram қызметкерлерінің мәліметінше, бір адаммен өмірде араласып, бірақ әлеуметтік желіде бұғаттап тастасаң, бұл жағдайды қиындатуы мүмкін. Сондықтан енді жаңа функция арқылы пайдаланушыны шектелген тізімге қосқаннан кейін аккаунт иесінің жазбаларына жазған пікірін ол тек өзі көреді. Сондай-ақ, хабарлама жіберген адам оны оқыды ма, жоқ па - көре алмайды.

Instagram-дағы жаңа қызметті жақын арада тексеру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, тағы бір функция - кей қолданушыларға жағымсыз пікірлер қалдырудан бас тартуға шақыратын функция пайда болды. Ол жасанды интеллектке негізделген. Бұл функция желі қолданушыларының кейбіреуінде жұмыс істеп тұр.