Иракта мұнай зауыты өртенді

0
619

Өрт сөндірушілер зардап шеккен.


Иракта мұнай зауыты өртенді

ERNUR.KZ. Ирактың Эрбиль провинциясында мұнай өңдеу зауыты өртеніп, екі өрт сөндіруші жарақат алды, деп жазады 24.kz.

Төтенше оқиға Махмур қаласының маңындағы өндіріс ошағында болды. Өрттің неден шыққаны әлі белгісіз.

Мамандар лаулаған жалынмен бірнеше сағат күресіп әзер сөндірген. Өрт сөндірушілерден басқа жапа шеккендер туралы ақпар жоқ. Апаттың себептері анықталып жатыр.