Иракта соңғы 12 жылда алғаш рет қар жауды

0
611

Ауа температурасы +3 градусқа дейін төмендеген.


Иракта соңғы 12 жылда алғаш рет қар жауды

ERNUR.KZ. Ирак астанасы Бағдат және Мосул қаласында қар жауды. Бұндай құбылыс елде соңғы 12 жылда алғаш рет тіркеліп отыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мосул қаласындағы Тигр өзенінде жартылай мұз қатқан, ал елдің астанасында ауа температурасы +3 градусқа дейін төмендеген.

Жергілікті тұрғындар ерекше құбылысты фотоға және видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде бөлісуде.

Осындай бейнероликтердің бірі Twitter желісінде пайда болды. Видеода балалар ауа райы болжамын жүргізіп тұрған жергілікті телеарна қызметкерін эфир кезінде қармен атқылаған.

Жүргізуші елдің шығысындағы Сулеймания қаласы маңында ерекше құбылысқа байланысты сюжет жасап жатқан көрінеді. Балалардың қарға шомылдырғанына қарамастан, журналист төзімділік танытып, репортажын аяқтаған.