Иран мен тәліп шекарашыларының арасында қарулы қақтығыс болды

0
410

Ауғандық Tolo News арнасы "Талибан" қозғалысының бір мүшесі қаза тапқанын мәлімдеді.


Иран мен тәліп шекарашыларының арасында қарулы қақтығыс болды

ERNUR.KZ. Иран шекарашылары мен "Талибан" қозғалысы әскерінің (Қазақстанда тыйым салынған) арасында Ауғанстан шекарасында қарулы қақтығыс болды. Бұл туралы Ирандағы Систан және Белуджистан провинцияларының басшысы Мейсама Баразанде мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

Оның сөзінше, атыс жексенбде күндіз басталған. Нақты себебі аталған жоқ. Қаза тапқандар мен жарақат алғандар туралы ақпарат жоқ.

Ауғандық Tolo News арнасы "Талибан" қозғалысының бір мүшесі қаза тапқанын мәлімдеді.

Бұл – екі ел шекарасындағы алғашқы қақтығыс емес. 2021 жылдың 1 желтоқсанында тәліптер мен ирандық шекарашылар арасындағы атыс Иранның Нимроза провинциясының маңында болған. Бұл кезде бірнеше адам оққа ұшты. Ал жанжал ауыл шаруашылығы жеріне иелік етуден басталған.