Иран өз азаматтарына Украинадан кетуге кеңес берді

0
480

Иранның Сыртқы істер министрлігі бүгін өз азаматтарына Украинаға барудан бас тартуды, сол жерде тұратын ирандықтарды елден кетуге шақырды.


Иран өз азаматтарына Украинадан кетуге кеңес берді

ERNUR.KZ. Украинадағы әскери шиеленіске байланысты барлық ирандықтарға осы елге барудан бас тартуға кеңес беріледі, деп жазады inbusiness.kz.

Иранның Сыртқы істер министрлігі бүгін өз азаматтарына Украинаға барудан бас тартуды, сол жерде тұратын ирандықтарды елден кетуге шақырды.

"Украинадағы әскери шиеленіске байланысты барлық ирандықтарға осы елге барудан бас тартуға кеңес беріледі. Сондай-ақ, Украинада тұратын ирандықтарды өз қауіпсіздігі үшін елден кетуді сұраймыз", - делінген сыртқы саясат ведомство хабарламасында.

Иранның Ресейге қару-жарақтар, оның ішінде арнайы әскери операцияда қолданылатын жауынгерлік дрондарды жіберуіне байланысты осы аптаның басында Украина СІМ Ислам Республикасымен дипломатиялық қатынастарды үзуге бастамашы болғанын еске саламыз.