Иранда автобус апатқа ұшырады: 19 адам қаза тапты

0
652

ОҚайғылы оқиға бүгін таңғы уақытта орын алған.


Иранда автобус апатқа ұшырады: 19 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Иранның Масендеран провинциясында автобус апат ұшырап, 19 адам қаза тапты және 24 адам зардап шекті, деп жазады Тengrinews.kz.

Оқиға бейсенбіде таңғы уақытта болды. Автобус аударылып, сайға түсіп кеткен. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Mehr агенттігі провинциядағы жедел жәрдем баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, таяуда Иранда қайғылы оқиға болды: Тегеран әуежайына жақын маңда украиналық ұшақ құлады. Төтенше жағдай салдарынан 167 жолаушы мен экипаждың тоғыз мүшесі қаза тапты.

Бүгін Иран билігі әуеапатына байланысты тергеудің алғашқы нәтижелерін жариялады. Олардың мәлімеінше, украиналық ұшақ әуеде өртенген. Ұшақтың әуежайға кері қайтқан, алайда экипаж мүшелері диспетчерлерге ештеңе айтпаған.