Иранда оқушы қыздар наразылық танытты

0
541

​Иранда билікке қарсы наразылыққа оқушы қыздар қосыла бастады.


Иранда оқушы қыздар наразылық танытты

ERNUR.KZ. Өткен күні әлеуметтік желіде Шираз қаласында ондаған мектеп оқушысы шаһар көшелерімен шерулеткені жайлы бейнежазба тарады, деп жазады 24.kz.

Бейнекадрда қыз балалардың бастарындағы орамалдарын шешіп, билікке қарсы ұрандатқаны бейнеленген. Ал Тегеранға жақын Керез шаһарындағы мектептің бірінде оқушы қыздар мектеп ауласынан бір ер адамды қуып шығып жатқаны түсірілген.

Ислам республикасында Махса Амини есімді бойжеткеннің өлімінен кейін жаппай наразылық шерулер басталып, қақтығыстарға ұласты. 130-дан аса адам мерт болып, жүздеген кісі жарақат алды.

Жақында елдің рухани жетекшісі Әли Хаменей алғаш рет мәлімдеме жасап, бүлікті АҚШ пен Израиль ұйымдастырды деп айыптады.