Ирандағы От мейрамында 13 адам ажал құшты

0
479

Бұл мерекеде Наурыз мейрамына 1 апта қалғанда от жағып, үстінен секіреді.


Ирандағы От мейрамында 13 адам ажал құшты

ERNUR.KZ. Ойыннан от шықты. Иранда От мейрамын тойлау кезінде 13 адам ажал құшып, 800-ден астамы жарақат алды, деп жазады baq.kz.

Жараланғандардың 49-ына операция жасалған. Бұл туралы елдің Төтенше жағдайлар жөніндегі ұйымның басшысына сілтеме жасаған жергілікті телеарна мәлімдеді. Бұл мерекеде Наурыз мейрамына 1 апта қалғанда от жағып, үстінен секіреді.

Бірақ кейінде тұрғындар отпен бірге пиротехника қолданатын болған. Осылайша тойдың соңы қайғылы жағдайға ұласып жатады. Мұндай оқиғалар биыл былтырғыдан 47 процентке артқан.