Испанияда су тасқынынан үш адам қаза болды

0
843

Дүйсенбі күні автомобиль мен пойыз жолдарын, метро желілерін су басып, олар жабылып қалды.


Испанияда су тасқынынан үш адам қаза болды

ERNUR.KZ. Испанияның орталығында нөсер жауын салдарынан қатты су тасқыны болып, кемінде үш адам көз жұмды, тағы үшеуі із-түзсіз жоғалып кетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, дүйсенбі күні автомобиль мен пойыз жолдарын, метро желілерін су басып, олар жабылып қалды. Мадридтен оңтүстік-батысқа қарай 50 шақырымдай жерде орналасқан Толедо провинциясында іздеу-құтқару жұмыстарына тікұшақтар тартылды. Жексенбі мен дүйсенбі күні таңертең Мадрид, Кастилия-Ла-Манча, Каталония және Валенсия провинцияларында нөсер жауын салдарынан көшелер лайға толды. Көптеген аудандарда бұршақ жауды. Толедо қаласының маңындағы ауылдық жерде үш адам қаза болды.

Испания метеорологиялық қызметінің мәліметінше, жексенбі күні елде бір шаршы метрге 90 литр жауын жауып, рекордтық жауын-шашын тіркелген. Полицияның хабарлауынша, қаза болғандар арасында іші суға толған лифтте қалып қойған жас жігіт бар. Тағы бір адам суға батқан көліктің ішінен табылды.

Сондай-ақ Камарена қаласында үйінің жанындағы өзеннен 50 жастағы ер адамның денесі табылғаны хабарланды.