Италиядағы мысықтар мен иттерден коронавирусқа қарсы антиденелер табылды

0
675

Үй жануарларының денесіндегі антиденелердің саны Италияның сол аймақтарындағы тұрғындардікімен бірдей болып шықты.


Италиядағы мысықтар мен иттерден коронавирусқа қарсы антиденелер табылды

ERNUR.KZ. Дәрігерлер Италияның солтүстігіндегі қалаларда 1,5 мыңнан астам мысық пен итке зерттеу жүргізіп, олардың шамамен 3-4%-інде коронавирусқа антиденелер бар екенін анықтады, деп хабарлайды Хабар24.


«Үй жануарларының денесіндегі антиденелердің саны Италияның сол аймақтарындағы тұрғындардікімен бірдей болып шықты. Осылайша, мысықтар мен иттердің коронавирус жұқтыруы таңқаларлық құбылыс емес. Екінші жағынан бұл жануарлардың вирусты таратуы мүмкін деп айтуға негіз жоқ», - деді зерттеушілер.


SARS-CoV-2 коронавирусы адамдардың ағзасына ғана емес, көптеген басқа сүтқоректілерге де ене алады.