Із-түзсіз жоғалып кеткен қызды өлтірген жеңгесі болып шықты

0
1 067

​Таңертең мектепке кеткен қыз үйге қайтып оралмаған. Қызды өлтірді деген күдікке ағасының әйелі ілінді.


Із-түзсіз жоғалып кеткен қызды өлтірген жеңгесі болып шықты

ERNUR.KZ. Өзбекстанның су арналарының бірінен жоғалып кеткен оқушы қыздың денесі табылды, деп жазады sputniknews.kz.

5 сәуірде Наманган облысының тұрғыны Мамадалиев деген азамат аудандық прокуратураға қызының жоғалғаны туралы арызбен жүгінеді. Қызы таңертең мектепке кетіп қайтып оралмаған.

Тергеу амалдары барысында қыз тұрған үй тексерілді. Прокуратура қызметкерлері мектеп оқушысы өлтірілген болуы мүмкін деген болжам жасады. 6 сәуірде Өзбекстан заңнамасына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Сол күні "Катта Наманган" каналы арқылы өтетін көпірдің жанынан қыздың мәйіті табылды.

Тергеу барысында 5 сәуір күні сағат 10:30-да қыздың ағасының әйелі оқушыны мектептен алып шыққаннан кейін каналға итеріп жібергені анықталды. 1999 жылы туған күдікті қамауға алынды.