Johnson & Johnson компаниясы коронавирусқа қарсы вакцина өндіруді тоқтатты

0
548

​Америкалық Johnson & Johnson компаниясы Нидерландтың Лейден қаласындағы кәсіпорнын жапты.


Johnson & Johnson компаниясы коронавирусқа қарсы вакцина өндіруді тоқтатты

ERNUR.KZ. Зауыт тәжірибелік, бірақ тиімдірек вакцина шығаратын болады, деп жазады inbusiness.kz.

Johnson & Johnson компаниясының екпесі АҚШ пен табысы жоғары елдерде танымалдылығын жоғалтты. Ал кейбір көрсеткіштер бойынша оның тиімділігі "Pfizer" және "Moderna-ға" қарағанда нашар.

Африка одағының және COVAX бағдарламасы орталығының басшылары көптеген кедей елдердің тек осы компанияның ғана препаратын алғанына, ол елдерде сапалы вакциналар жоқтығына алаңдаушылық білдірді.